Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұстағы Қазақстандағы тарихи білімнің дамуы 1945 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының жанынан құрылған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ашылуымен байланысты. Ол 1942 жылы құрылған тіл, әдебиет және тарих базалық инстиутынан бөлініп шықты. Уәлиханов атындағы институтта 3 сектор болды.
Қаз. КСР ғылым академиясы өзі құрылған 32 жыл ішінде (1946-1978 жж.) Қазақстандағы ғылыми мекемелердің саны 200-ге жетіп,ондағы ғалымдар саны 30 мыңнан асты. Олардың ішінде 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын, 18 ғалым Лениндік, 70-тен аса ғалымдар мемлекеттік және Республикалық силықтар алды. Республикада ол кезе 707 докторлар мен 10840 ғылым кандидаттары еңбек етті.
Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма негізінде қолдан жасалған «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды.
Е.Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналысты. Мысалы, соғыс жылдары А.Кучкин, А.Панкратова, Б.Греков, Н.Дружинин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты.
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ (ХХ ғасырдың 50-60 жылдары)
Жарияланған June 2021
75
103
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бекқажиев, А. 2021. СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ (ХХ ғасырдың 50-60 жылдары). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).