А
Мақалада түркі әлемінің көрнекті саяси қайраткері Сұлтанбек Қожановтың қысқа ғана өмірінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдени-ағартушылық саласына көптеген өзгерістер әкеліп, оның дамуына қомақты үлес қосқан зиялы азаматтың ағартушылық және зияткерлік қырлары қарастырылады.
Ағартушылық саласындағы С. Ходжановтың ең үлкен жетістіктерінің бірі деп Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы жоғары техникалық институт Ташкентте САХИПИ (Орта Азия мақта ирригациялық политехникалық институты) құруы еді деп толық қанды айта аламыз. Себебі Ташкенттегі Орта Азия мақта-ирригациялық университетін құруды ұйымдастыру Қазақстан мен Орта Азия халықтары С. Қожановтың есімімен тікелей байланысты. Университеттің құрылуы экономикалық қиындықтар кезеңімен сәйкес келді және жергілікті жастардың білім алуына, болашағына мүмкіндік жасады. Бұл С. Қожановтың өлкенің білім беру жүйесіндегі жаһандық өзгерістер жасауындағы көшбасшы болғандығын көрсетті.
Мақалада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағатында сақталған материалдар негізінде Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси қызметіне тарихи хронологиялық шолулар жасалынады.
Сонымен қатар, Көрнекті саяси қайраткер Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов Қазақстанның ұлттық зиялыларымен, оның көрнекті қайраткерлері Х.Досмұхамбетов және басқалармен ынтымақтастықта Кеңестік құрылыс жағдайында Кеңестік Қазақ Республикасының қалыпта-суына қосқан үлесіне талдаулар жасалынады.