Мақалада авторлар қазақ әдебиетіндегі «комедиялық» пен «трагедиялық» категорияларына социологиялық талдау жасаған. Қазақ әдебиетінде бұл категориялар жан-жақты зерттелгенімен, олардың әлеуметтік жағы аз зерттелген мәселе болып табылады. Қазақ әдебиетіндегі комедиялық пен трагедиялық көріністерінің өзіндік этникалық ерекшелігі бар, уақыт өткен сайын комедиялық пен трагедиялықтың ұлттық сипаты түрленіп, олардың модификацияланған жаңа түрлері мен реңктері пайда болады. «Комедиялық» категориясының әлеуметтік қыры қазақ әдебиетінің юмор мен сатира жанрларында көрініс табады. «Комедиялық» категориясының зерттеулері қазақ халық ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетіне тән және комедиялық мәселелерінің мынадай жанрларда дамуымен байланысты: 1) эпос, ертегілер, айтыс; 2) ақындар поэзиясы, классик жазушылары мен заманауи сатирик емес жазушылардың, сондай-ақ сатиралық жазушылардың шығармашылығы; 3) қазақ классикалық және қазіргі көркем прозасындағы әдеби комедия жанрында. «Трагедиялық» категориясы қазақ халық поэзиясы мен көркем әдебиетінде барынша дамыған және мынадай салалармен байланысты: 1) феодалдық коғамдағы екі ғашық арасындағы трагедиялық махаббат; 2) феодалдық әдет-ғұрыптардың құрбаны болған қазақ әйелдерінің қайғылы тағдыры; 3) адамның қоғаммен келіспеушілігі және өзін-өзі жатсыну тұжырымдамасымен байланысты әлеуметтік-тұлғалық трагедиялар.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «КОМЕДИЯЛЫҚ» ЖӘНЕ «ТРАГЕДИЯЛЫҚ» КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТЕСІ
Жарияланған April 2024
24
25
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Акбаева, Л. і Акбаева, А. 2024. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «КОМЕДИЯЛЫҚ» ЖӘНЕ «ТРАГЕДИЯЛЫҚ» КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 80 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.019.