Бұл мақалада Қытай қоғамының модернизациясы күрделі, динамикалық және біртекті емес процесс ретінде сипатталады. Авторлар қытай қоғамын жаңғыртудың кезеңдерін сипаттайды. Сондай-ақ Қытайдың экономикалық жаңғыруының оң және теріс салдары мен осы салдарды шешу тәсілдері қаралды. Мақалада ежелгі қытай мәдениетінің әлеуметтік идеалдары қазіргі заманғы қытай қоғамын жаңғырту тұжырымдамасында маңызды рөл атқарған «小康» - (орташа табысты қоғам) және «和» - (үйлесімділік) әлеуметтік мұраттары қарастырылады. Бұл идеялардың алға жылжуы бір мезгілде Қытайдағы экономикалық және әлеуметтік индикаторлардың бірлесіп дамуына ықпал ету ниетін көрсетеді деп дәлелденеді. «Адам негізі» идеясының негізгі мазмұны қытай қоғамын модернизациялаудың маңызды жетекші ұстанымы ретінде ашылды. «Адам негізі» туралы философиялық идеяны түсінудің үш деңгейі анықталды. Жеке тұлғаның еркін дамуы, адамгершілік, зияткерлік және физикалық қасиеттерін жетілдіру модернизация мен ұзақ мерзімді дамудың басты шарты болып саналады.
ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ КЕЛБЕТІ
Жарияланған June 2021
53
54
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аманова, Ф. 2021. ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ КЕЛБЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).