Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛАШ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ

Жарияланған October 2023

155

126

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

ХХ ғ. басында қазақ топырағында дүниеге келген Алаш қозғалысының өмір тармақтары мен тағылымы, тұлғалары мен мұрасы бүгінгі отандық тарих ғылымының ең өзекті жобасына айналып отыр. Мақалада алаш және халық көтерілістері жан–жақты талданған.  Сондай-ақ 1916 жылғы  халық көтерілісі  мен алаш  қозғалысының  ықпалдастығы сөз болады. 

Тәуелсіздік тұсында  аталаған  тақырып  көлемінде жүздеген диссертациялар қорғалды, мыңдаған ғылыми зерттеулер жарияланды. Алаш идеялары мен Алашорданың аз ғана уақыт көлемінде атқарған қызметтері олардың  ғылыми  мұрасынан анық көрінді. Сол кезеңдегі большевиктік сөз бен іс арасындағы жер мен көктей алшақтық, меншіктен, құқықтан, еркіндіктен жұрдай болған азаматтардың наразылығын туғызды. Мұндай  қайшылықтар қақтығысқа итермеледі, көтеріліске шақырды. 1916 жылы халықтың көзқарастары мен ұстанымына қарай қоғамның жіктелуі тереңдей түсті. Қайшылықтар шектен шыққанда көтерілістер басталды. Алаш  зиялы  қауымын ел  тағдыры  қатты алаңдатты. Ел  ұстанымын бір арнаға  тоғыстыру  мүмкін  болмады. Қазақ  ішіндегі  қиындықтарды  зиялы қауым өкілдері баспасөз беттерінде немесе  еңбектерінде  жариялап  отырды. Халықтың  көзін  ашуға алаш идеясы  орасан  зор қызмет етті. 1916 жылы  көтеріліс арқылы  қазақ  халқы  ұлттық серпіліс жасады. Ұлт  болып  ұйысып, бас көтере алудың  шынайы  ұрпаққа өнегесі бола алды.  

pdf