Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жарияланған October 2023

92

75

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа

Тарихи жазба деректерде Х ғ. бастап кездесетін Келес даласында өмір сүрген ежелгі тұрғындар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен де айналысып, тіпті биік қамалды қалалар тұрғызызып, өңірдегі алғашқы қалалық мәдениетті қалыптастырған. Өңірдің географиялық орналасуын негізге ала отырып, Келес өңірінің көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтармен отырықшы егін шаруашылығымен айналысқан халықтардың арасындағы табиғи шекара болғандығын аңғаруға болады. Бұған Келес өңірінде көптеп орналасқан қалашықтар мен қоныстар, үлкенді-кішілі қорымдар негіз болуда. Ұлы Жібек жолының Сайрам қаласынан Шаш (Ташкент) қаласына, Шаш қаласынан Отырар және Яссы қалаларына баратын бағытын алып жатқан Келес өңіріндегі қалашықтар, ежелгі дәуірден бері саудасы мен өнері,егіншілігімен мал шаруашылығы қатар дамыған орталықтардың біріне айналған.Мақалада осы күнге дейін толық зерттелмеген, Келес өңіріндегі ірі орталықтардың бірі саналатын Күлтөбе қалашығының топографиялық құрылымын зерттеп, салыстырмалы түрде талдап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық. Сонымен қатар мақалада «күлтөбе» атауының мағынасына тоқтала отырып, ғылыми тұжырымдар жасалынды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сиздиков, Б. 2023. КЕЛЕС ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 77, 1 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.020.