Мақалада бала құқықтарын қорғауға құқықтық талдау жасауды негізгі мақсат етіп қояды. Қоғамдағы зорлық- зомбылықтан балаларды қорғаудың қарастыра отырып, кибербуллингтің алдын-алудың тәжірибесі кеңінен қарастырылады. Кибербуллинг деп әр түрлі әлеуметтік желілер, мессенджерлер, ойын платформалары, сондай-ақ ұялы байланыс арқылы онлайн форматта қорлау. Сондай-ақ, мақалада психологиялық өзара әрекеттесудің барлық қатысушылары үшін кибербуллингтің салдары мен әдістеріне ерекше назар аударылады.
Мектептің құқықтық кеңістігін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі білім беру процесіне барлық қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру болып табылады.
Оқушы мен мұғалімнің өзара құқықтары мен міндеттері педагогикалық мәдениеттің демократиялық типіне тән белгілердің бірі болып табылады. Білім беру мекемесіндегі мұғалім мен оқушының құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, оның өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, баланың жеке басын, пікір мен сенім білдіру құқығын құрметтеуге, адамның қадір-қасиетін құрметтеу негізінде тәртіпті сақтауға сияқты қарапайым нормаларды орындауда кететін кемшіліктер жан-жақты қарастырылған. Зерттеудің жетекші әдісі – бала құқығын қорғауды құқықтық реттеу мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілер мен әдеби дереккөздерді талдау әдісі.