Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЖАНҰЗАҚ ӘЛЖАНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ ҮШІН АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Жарияланған October 2023

83

79

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа

Мақалада Алаш қайраткері Жанұзақ Әлжанұлы Жәнібековтің «Айна» және «Балалар бәдуәмі» кітаптары мен оның «Қазақ» және «Кедей» газеттерінде редактор болып қызмет атқарған кезеңде жариялаған еңбектері талданды. Соның ішінде талданған еңбектердің мән-мағынасы мен автордың жеткізгісі келген ойы зерттелді. Жанұзақ Әлжанұлы әртүрлі тақырыптарда мақалалар жариялағанымен, оның астарында қозғаған басты идеясы бір болды. Ол – қарапайым еңбекші қазақ халқының оқу-білімге деген сауатын ашу.

«Қазақ» және «Кедей» газеттерінде редактор болып тұрған кездегі жұмысты тиімді үйлестіру арқылы газет аудиториясын арттыра білді. Оның тұсында, әсіресе халыққа арналған «Кедей» газетіне сұраныс артты. Осы арқылы оның стратегиялық жұмысының ықпалы бүкіл қазақтарға әсер еткенін байқауға болады. Бұл дегеніміз – алаш қайраткерінің халықтың сауатын ашып, рухын жігерлендіру, қыз яки ұл демей теңдей білім алу арқылы ғана дами алатындығымызды, тәуелсіз бола алатындығымызды жеткізген.

Алаш қайраткері Жанұзақ Әлжанұлының халықты оқу-білімге тартудағы шеберлігі нақты ғылыми дәйектер мен тарихи сандар арқылы тұжырымдалып, деректеледі. сондай-ақ, «Айна» кітабының мұрағаттағы түпнұсқасы пайдаланылып, жазбаның идеологиялық астарын талдауда нақты үзінділер пайдаланылды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ибраева, Э. 2023. ЖАНҰЗАҚ ӘЛЖАНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ ҮШІН АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.031.