Мақалада XVIII-XX ғасырлардағы Атырау өңірінде жүргізілген палеонтологиялық және геологиялық зерттеулердің тарихы қарастырылады. Атырау өңірінің палеонтологиялық және геологиялық үш жүз жылдық тарихының қайнар көздеріне талдамалық шолуды қамтиды. Еңбекте көптеген ғылыми баяндамалар мен мақалаларды, 18-21 ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерін зерттеуге негізделген. Мұрағат материалдары, сирек кітаптар топтамалары, сондай-ақ палеонтологиялық коллекцияларының затбелгілері пайдаланылды.
XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл өлкеге көршілес елдердің қызығушылығы артып, өз мемлекеттерінің мүддесіне қажетті мәліметтерді жинаған саяхатшылар мен жекелеген табиғат зерттеушілері бұл аймақты белсенді түрде зерттей бастады. Бұл өлкеде тұратын халықтар, олардың тұрмысы мен тұрмыс-тіршілігі, саяси жағдайы туралы мағлұматтармен қатар, кейбір пайдалы қазбалардың пайдаланылуы, олардың болуы, таралуы туралы да мәліметтер берді. XX ғасырда аймақтардың геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбаларын зерттеу, геологиялық карталарын жасау, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орындарының жасын анықтау мақсатында облыстың жекелеген аймақтарына мақсатты зерттеулер жүргізілді.
Атырау облысының аумағында әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарының Бүкілресейлік мұнай-зерттеу геологиялық барлау институты (ВНИГРИ), КСРО ҒА Жанғыш қазбалар институты қазіргі кездегі А.В.Топчиев атындағы Мұнай-химиялық синтез институты, Бүкілодақтық геологиялық ғылыми-зерттеу институты (ВСЕГЕИ), КСРО ҒА Геология ғылымдары институты, Барлаудың геофизикалық әдістерінің Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты (ВНИИГеофизика), Қазақстанның геологиялық басқармалары және т.б. ұйымдардың қызметкерлері әртүрлі тақырыпта зерттеулер жүргізді.