Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН РЕФОРМАЛАУ ТАРИХЫ: ПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘДІСТІ МЕКТЕПТЕРДІ ДАЙЫНДАУ

Жарияланған October 2023

70

90

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан
Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы Шымкент қаласындағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен жаңа әдісті мектептердің даму тарихы сипатталған. Білім беру мәселелерінде қызығушылықтың артуы оны қайта қарауға деген тарихи қажеттіліктен туындады. XX ғасырдың басы адамзат эволюциясындағы ерекше кезеңге айналды. Ескі білім беру жүйесі мен қоғамның дамуына сай емес барлық мәселелер мен қарама-қайшылықтар жаһандық сипатқа ие болды.

Аталған тақырып аясында Түркістан өлкесіндегі Сырдария облысы, оның ішінде Шымкент қаласындағы жаңа әдісті мектептерді дамыту жүйесіндегі бірқатар проблемалық жағдайларды көрсететін деректер ұсынылған. Қарастырылып отырған кезеңдегі өзіне тән барлық өзгерістермен аймақтағы халықтық білім берудің жағдайы, мұсылмандық оқу орындарының (мектептер мен медреселердің) құрылымы мен оқу бағдарламаларының мазмұны талданады. Зерттеу аясында білім, ғылым және мәдениет мәселелері әлеуметтік-экономикалық прогресс тенденцияларымен байланыстыра жаңа деректермен дәлелденді. ХХІ ғасырға тән стратегия – бұл жоғары адами қасиеттердің негізі ретінде білімнің, ғылымның, мәдениеттің, адамгершіліктің басым дамуы. Бұл мәселе жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде шешіледі, оның міндеті адамды мәдениеттің нормалары мен құндылықтарымен таныстыру және оны қоғамның толыққанды мүшесіне айналдыру болып табылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мурат, Щ. 2023. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН РЕФОРМАЛАУ ТАРИХЫ: ПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘДІСТІ МЕКТЕПТЕРДІ ДАЙЫНДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.015.