Бұлзерттеу жұмысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Батыс Қазақстан әйелдерінің күнделікті өмірі мен аштық тұсындағы тылдағы қиын жағдайы, қатал жағдайдағы тыл әйелдерінің өмір сүру амалдары айқындалады. Аталмыш зерттеу жұмысында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі бұқара халықтың басынан кешкен қиыншылықтарымен ауыр тағдыры еленбей, тек халықтың көрсеткен қайсарлығы мен жеңіске жігері сипаттаған кеңестік дәуірдегі үстемдік еткен марксистік-лениндік көзқарас сынға алынады. Мақалада негізгі және қосымша дереккөздерді тақырыптық талдау зерттеу әдісі арқылы әйелдердің тылдағы қиын күнделікті өмірін жан-жақты ашып көрсетеді. Әсіресе Батыс Қазақстан облысы әйелдерінің тыл жұмыстарында атқарған қызметтері, олардық бастан кешірген ауыр жағдайлары және соғыстың өңір әйелдерінің күнделікті өміріне қаншалықты әсерін басты назарға алады. Жалпы зерттеу соғыс кезіндегі әйелдердің тылдағыбастан кешірген ауыр жағдайын және олардың өміріне әсерін одан әрі терең зерттеуді назарға алу қажеттігін алға тартады. Жылпы бұл зерттеу жұмысы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихнамасына қосылған құнды үлес болып табылады және Батыс Қазақстандағы әйелдердің бұған дейін зерттеуден тыс қалып келген тылдағы күнделікті өміріне назар аудартады
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫЛДАҒЫ АШТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ ЖӘНЕ АМАН ҚАЛУҒА ТАЛПЫНЫСТАРЫ
Жарияланған September 2023
74
52
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тапалова, А. 2023. БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫЛДАҒЫ АШТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ ЖӘНЕ АМАН ҚАЛУҒА ТАЛПЫНЫСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 76, 4 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.029.