Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТҮРІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ЖОШЫ ЖӘНЕ ШАҒАТАЙ ҰЛЫСТАРЫ: ДЕРЕКТІК ШОЛУ

Жарияланған September 2023

67

61

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа

Шыңғыс хан Орталық Азия территориясын жаулап алу арқылы геостратегиялық маңызды аймаққа қол жеткізді. Монғол әскерлері Еуропа және Азия елдеріне еркін қозғалу мүмкіндігін алды. Соның ішінде, әсіресе Қазақстан тарихында ерекше маңызы бар Жошы және Шағатай ұлыстарының келешегі жергілікті түркі халқымен бірге өрбіді, мұнда түркі-исламдық ұстаным басымдық танытты.

Дешті Қыпшақ жерін қамтыған Жошы ұлысы ортағасырларда экономикалық тұрғыда мықты дамыған Еуразия территориясындағы мықты мемлекеттердің бірі болды. Ол ХІІІ-ХIV ғасырларда мейлінше қуатына еніп, Қытай, Батыс Еуропа, Мысыр, Кіші Азия, Үндістан елдерімен халықаралық сауда қарым-қатынастарын жолға қойып, әскери, мәдени, діни тағы өзге байланыстар орнатты. Осы тұрғыда түрік ғалымы Емел Гөгче Кылычтың «Алтын Орданың экономикалық тарихы (XIII-XVғғ.)» атты еңбегі маңызды мағлұматтар ұсынады.

Мауераннахр, Жетісу, Шығыс Түркістан жерін қамтыған Шағатай ұлысының территориясы өмір сүру тарихында билеушілердің ұстанған саясатына байланысты үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Әмір Темірдің саяси аренаға шығуына дейінгі кезеңдегі аталған территорияда дулат тайпасының, ал кейін барлас тайпасының да ықпалын көруге болады. Бертін келе ұлыстың біртұтас территориясы шағатайлықтарға бағынған Моғолстан және Әмір Темірге бағынған Темір мемлекетіне бөлінді. Мұны түрік ғалымы Орхан Чынар «Шағатай мемлекеті тұсында Түркістанның саяси, әскери және әлеуметтік жағдайы» атты еңбегінде егжей-тегжейлі зерделейді.

Еңбектер итальян, латын, византиялық, араб, парсы, армян тағы басқа тілдердегі сенімді деректерге негізделеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кушенова, Г. 2023. ТҮРІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ЖОШЫ ЖӘНЕ ШАҒАТАЙ ҰЛЫСТАРЫ: ДЕРЕКТІК ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 76, 4 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.023.