Мақала студенттерде отансүйгіштік, толеранттылық қасиеттерді қалыптастыруды зерделеуге арналған. Мақалада патриотизм-Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызы ашып көрсетіледі. Ғалым-дардың толеранттылық ұғымын саралау барысындағы басты тұжырымы: адамдар арасында өзара төзімділік, сыйластықтық, сабырлылық, түсіністіктік мағынасын білдіреді. Білім алушылардың бойына отаншылдық, толеранттылық қасиеттерді баулуда отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымы, БАҚ және мемлекеттің орны ерекше. Жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыруда және толеранттылыққа тәрбиелеуде ЖОО-нда оқытылатын Қазақстан тарихы курсының тәрбиелік-танымдық маңызы зор екені негізделеді. Аталмыш курстың мазмұнын терең меңгеру, жастарға елжандылық, толеранттылықтың негізгі қағидаттары, мазмұны мен мәнін жан-жақты таныстыру, қоғамның білім беруге қойылатын жаңа талаптарын түсінуге ықпал етеді.
Мақалада ұлттық бірлік пен тұрақтылық – еліміздің стратегиясының басым бағытының бірі екенін ашып көрсету арқылы студентттерге сапалы білім берудегі, оқыту үрдісінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады. Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңдегі білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыттың бірі отаншылдық мен төзімділік екендігі талқыланады.