Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ, ХАБАРШЫ «ТАРИХ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН АРХИВИСТЕРІНІҢ КЕЛБЕТІ: ӨТКЕН МЕН КЕЛЕШЕККЕ КӨЗҚАРАС

Жарияланған December 2023
Нархоз Университеті
Аңдатпа

Мақалада ғылыми еңбектер мен Қазақстан архивистері арасында жүргізілген сауалнама мен интервью негізінде цифрлық трансформациялану жағдайында архивистердің келбеті қандай болуы тиіс екені қарастырылады. Ақпарат ғасырында ақпараттық технологиялардың адам өміріне ықпалы артуына қарамастан елімізде цифрлық трансформациялану жағдайында архивтер мен архивистердің ахуалы жөнінде зерттеулер жеткіліксіз. Компьютерлік технологиялардың архивистердің жұмысына қалай ықпал етіп отырғаны әлі соңына дейін толық анық емес. Осыған орай аталмыш зерттеу осы бір  орын алған алшақтықтың орнын толтыруға және отандық архивтанудың дамуына қомақты үлес қосуға арналған. Зерттеу нәтижелері компьютерлік технологиялардың архивистердің жұмысына оң ықпалын растайды, әйтсе де, бұл мәселеге сыни көзбен қараған жөн. Бүгінде компьютерлік технологиялардың еңбек тиімділігі мен уақыт үнемділігіне қол жеткізуден басқа қандай өзгерістер әкелгенін анықтау үшін лонгитюдті зерттеулер жүргізілгені жөн. Мұндай өзгерістер архивистерге өз кәсіби міндеттерін орындауға үлкен мүмкіндіктер тудыруы қажет.

pdf
Тіл

Қазақша

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ысқақ, А. і Жұматай 2023. ҚАЗАҚСТАН АРХИВИСТЕРІНІҢ КЕЛБЕТІ: ӨТКЕН МЕН КЕЛЕШЕККЕ КӨЗҚАРАС . АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ, ХАБАРШЫ «ТАРИХ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» СЕРИЯСЫ. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.020.