Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУҒА ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІСТЕР (XX ҒАСЫРДЫҢ 30 ЖЫЛДАРЫ)

Жарияланған September 2023

84

61

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Аңдатпа

XX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстан тарихындағы ең қайғылы кезеңдердің бірі болып табылады. Бұл жағдай еліміздегі астық дайындау кезеңіндегі орын алған дағдарыспен, егістік көлемінің азаюымен және ұжымдастыру науқанының салдарынан туындаған еді.

Қазақстан сталиндік әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің еркімен көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқа жерлерде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын негізінен 1932 жылдың көктемінде аяқтауға тиісті аймақтардың тобына жатқызылды. Үкімет ұжымдастыру науқанын іске асыру барысында отырықшыландыруға көшіру бағдарламасына ерекше көңіл бөлді. Көшпелі және жартылай көшпелі ауылдарды отырықшылыққа көшіру – елдің экономикалық құрылымы мен аудандастыруды мамандандыруды өзгертуге әсері болады деп болжанды. Алайда бұл болжамдар іс жүзіндегі шындықтан әлдеқайда алшақ жатты.

Ш.И. Голощекин басқарған өлке басшылығы ұжымдастыру процесін жеделдете отырып, қазақтарды күштеп отырықшыландыру және ауқатты шаруаларды «кулактарды тәркілеумен» қабаттастыра жүргізілді. Әрине, бұл зорлық әрекеттер жағдайы ауырлап кеткен шаруалар арасында наразылықтар туғызып, кей жерлерде көтерілістерге алып келді.

Мақала авторлары Батыс Қазақстан облысының Жаңақала және Жымпиты аудандарында орын алған шаруалар көтерілісінің себебін, барысы мен қортындысын ашып көрсетеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Рысбеков, Т. 2023. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУҒА ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІСТЕР (XX ҒАСЫРДЫҢ 30 ЖЫЛДАРЫ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 76, 4 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.002.