Мақалада 1999-2021жылдар аралығында Шығыс Қазақстан өңірінде өлім деңгейінде орын алған демографиялық көрсеткіштер: халықтың өмір сүру ұзақтығы, өлім деңгейінің жалпы коэффициенті, жас топтарына қарай 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіштері, аналар мен нәрестелер өлімі, ерлер мен әйелдер арасындағы өлім себептері түсіндіріліп, жалпы өңірдің демографиялық ахуалына сипаттама беріледі. Шығыс Қазақстан облысының ерекшелігі - жас құрылымының аймақтық теңгерімсіздігінің өсуіне байланысты «егде» жастағы адамдар санының көбеюімен өлім деңгейінің жоғары болуы және орташа өмір сүру ұзақтығының қысқаруы болып табылады. Сондай-ақ экономикалық, экологиялық, денсаулық сақтау саласы облыстың өлім деңгейіне әсер етеді. Нәтижесінде өңірде демографиялық, әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер қалыптасады. Өлім-жітім жағдайы – халықтың денсаулығының едәуір нашарлауының тікелей көрінісі деп нақты айта аламыз. Денсаулықтың нашарлауы сайып келгенде халықтың барлық әлеуметтік-экономикалық, экологиялық өмірімен тығыз байланысты. Ал, нәрестелер өлімінің деңгейі медициналық көмектің сапасы мен уақтылығына және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты болып табылады. Әлеуметтік сұраныстардың өңірдің демографиялық жағдайына сәйкес келу ықтималдығы зерттеуді өзектендіреді. Аталған өңірдегі демографиялық процестің маңызды факторы – өлім деңгейіндегі өзгерістерді жан-жақты талдау Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРТАЮЫ МЕН ӨЛІМ ҮДЕРІСТЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (1999-2021 жж.)
Жарияланған October 2023
79
62
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Махметова, Н. і Аубакирова, Ж. 2023. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРТАЮЫ МЕН ӨЛІМ ҮДЕРІСТЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (1999-2021 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.033.