Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Жарияланған April 2024

60

37

КазНУ имения аль-Фараби
Аңдатпа

Мақалада көне түркі руна жазуының сипаты мен оның пайда болуына қатысты ғылымда кездесетін пікірлер талданады. Зерттеушілердің аталған тақырып көлеміндегі пікірлерін салыстырмалы талдау арқылы, көне түркі жазуының пайда болу ерекшеліктері, ғылыми болжамдарға қатысты өзіндік тұжырым жасалды. Мақаланың мақсаты ғылымда түркі жазуының пайда болуына қатысты пікірлерді сараптап, оны ой елегінен өткізу болып табылады. Көне түркілік кезеңде түркі тайпалары Еуразия даласын мекендеді. Олар өз алдына жеке қағанаттар құрып, саяси-экономикалық және әскери үстемдікке ұмтылды. Еуразияның алып территориясында түркілер толыққанды үстемдік орната алды. Түркі тайпалары өздерінің тек саяси-экономикалық және әскери қуаттылығымен ғана емес, сонымен қатар бай рухани мәдениетінің болуымен де ерекшеленді. Түркі жазуының болуы көшпелі түркі тайпаларының бірегей өркениетінің болғандығының дәлелі болып табылады. Көне түркі жазуы дамыған ортағасырда да ерекше сұраныста болды. Аталған жазу туралы алғашқы зерттеу жұмыстары XVII ғасырдың соңынан бастап жүргізіле бастады. Алғашқы жылдардағы саяхатшы, географтардың экспедициялары нәтижесінде көне түркі жазбаларына қатысты мол мәліметтер жинақталды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап көне түркі жазбалары жүйелі түрде зерттеле бастады. Дат ғалымы В. Томсен алғаш болып руна жазуының құпиясын ашып, іргелі зерттеу жұмыстарына жол ашты. Көне түркі жазбаларын зерттеу жұмысында орыс, кеңес ғалымдарының да үлесі көп.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нурмухамбетова, А., Кулдибаев Е.К. і Косназарова С.Д. 2024. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 79, 3 (Квіт 2024). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2024.80.1.022.