Мақалада өткен ғасырымыздың 30 жылдарындағы Сайрам ауданындағы халық көтерілісі, оның себептері мен салдары туралы мәселе қарастырылған. Түркістан облысының Сайрам ауданы халық тығыз қоныстанған негізінен диханшылықпен айналысқан өңір. Ұлттық құрамы әр түрлі өңірде Кеңестік тоталитарлық жүйенің орныауымен бірге халықтың қалыпты даму үрдісі де бұзылды. Әсіресе бұл жағдай күштеп ұжымдастыру, жеке меншікке қарсы бағытталған зорлықшыл әрекеттермен ұштасқан саяси науқан тұсында күшейе түсті. Мұның соңы халықтың жаппай наразылығын тудырып бүкіл елді қамтыған стихиялық сипаттағы ұлт-азаттық көтерілістерге ұласты. Сондай ұлт-азаттық сипаттағы көтерілістің бірі Сайрам көтерілісі болатын. Сайрам көтерілісі турасында архив қорларында сақталған осыған дейін беймәлім болып келген материалдар негізінде жазылған бұл мақалада Сайрам көтерілісінің барысы, оған қатысушылардың нақты тізімі, сонымен қатар оларға тағылған айып түрлері мен кесілген жаза сипаты толығымен талданды. Мақалада Сайрам көтерісімен қатар Қазақстанда орын алған басқа да ұлт-азаттық көтерлістердің кейбірі салыстырмалы тарихи тұрғыда қарастырылып, Сайрам көтерілісмен ортақ сипаттары,салдары мен сәтсіздікке ұшырау себептері көрсетілді. Сайрам көтерілісі бұрын соңды зерттеу нысанына айналмаған сонылығымен ерекшеленеді.
САЙРАМ КӨТЕРІЛІСІ , НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСҚА ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРМЕН ОРТАҚ СИПАТТАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Жарияланған December 2023
115
104
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Таштанов, Ж. і Жанболатов, С. 2023. САЙРАМ КӨТЕРІЛІСІ , НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАСҚА ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРМЕН ОРТАҚ СИПАТТАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.005.