Мақалада әскери стратег, Кеңес Одағының Батыры, жазушы және қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлының тарихи тұлғасын зерттеу негізінде мектеп оқушыларына патриотизмді қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Қазақстан тарихы бойынша 9-сыныпта мектептердегі оқушылар «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбын оқиды. Осы тарихи оқиғалар туралы Г. Абишевтің "Қазақстан Ұлы Отан соғысында. 1941-1945" командирі Бауыржан Момышұлы болған 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлік іс-әрекеттері зерделенген. Тарих пәні мұғалімінің міндеті Lesson study «сабақты зерттеу» аясында оқушыларға әртүрлі оқыту әдістерін қолдана отырып, өз бетінше, жеке, топта әртүрлі материалдарды, мұрағаттық құжаттарды, ғылыми жарияланымдарды зерттеп, тарихи тұлғалардың (Бауыржан Момышұлының мысалында) атқарған қызметтері мен жасаған тарихи ерліктеріне сын тұрғысынан салыстырмалы зерттеулер жүргізе отырып тәуелсіз тарихи гипотезалар мен концепция шығаруға мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының әскери жетістіктерін зерделеп, ержүрек мінезін айқындай отырып, оқушылар батырдың Отанға деген шексіз махаббатын, жауапкершілігін, адалдығын сезіне отырып, зерттеу дағдыларын дамыту арқылы, өз пайымдауын тұжырымдай алады және патриотизм мен туған жерге деген сүйіспеншілік деген ұғымдарға оқушылар өздері қорытынды жасайды. Әріптестердің сабаққа кері байланысы маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде мұғалімнің одан әрі кәсіби дамуы үшін сабақты жоспарлау мен өткізудің сапасын талдауға көмектеседі.