Мақалада Алтын Орданың этникалық тарихына қатысты мәселелердің бір қыры қазіргі қазақ халқының Кіші жүз құрамындағы Алты ата Әлім немесе Қаракесек тайпалық бірлестігінің қалыптасуы тарихымен байланысты қарастырылады. Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Қаракесек рулар бірлестігі немесе қазіргі шежіре дәстүрі бойынша Әлімдер немесе Қаракесек тайпалық бірлестігі (Шекті, Төртқара, Қарасақал, Қаракесек, Шөмекей, Кете) деректерде негізінен Алшын деген жалпы атаумен белгілі. Деректерде «Алшын» атауы «Байұлы» деген атаумен қатар кездесетіндіктен, мақалада Алтын Орда тарихындағы «Алшын» атауы тар мағынасында, яғни Қаракесек тайпалар бірлестігінің синонимі ретінде қолданылды.
Алтын Орда тарихындағы Қаракесек-Алшындарың орны мен қалыптасу тарихын анықтау проблемалық және салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жүргізілді. Жазба және ауызша дерек мәліметтері бойынша Қаракесек-Алшындарға қатысты мәліметтер анықталып, салыстырмалы-тарихи әдіс нәтижесінде мақаланың басты тұжырымдары негізделді. Ауызша тарих айту дәстүріне орай батырлар жыры мен қазақ шежірелерінің нұсқалары жазба дерек мәліметтерімен салыстырмалы түрде қарастырылды. Мақалада Қаракесек-Алшындардың Алтын Орданың қоғамдық-саяси өміріндегі орны мен ықпалы, орналасуы, олардын шыққан тарихи тұлғалар туралы мәселелер талқыланды.