Бүгін елімізде қашықтықтан оқытуды білім беру жүйесіне енгізу, білім беру мекемелерінің инфокоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және қолдау мақсатында электрондық білім беру ресурстарын дайындаудың тұрақты үрдісі байқалады. Осындай жағдайда қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша электрондық білім беру ресурстарын дайындау, білім алушылардың қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың негіздерін меңгеруге деген ынтасын қалыптастыру еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Мақала Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіндегі әлеу-меттік-гуманитарлық пәндер бойынша электрондық білім беру ресурстарын қолдану және дайындау тиімділігін зерттеу үдерісіне арналған.
Зерттеуде авторлар цифрлық технология саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің теориялық және қолданбалы зерттеулеріне сүйенді.
Авторлардың пікірінше, цифрлық білім беру ресурстарының маңыздылығын ескере отырып, кітапхана қорларын толықтыруды осы бағытта жүргізу саясаты заманауи жоғары білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Электрондық білім беру ресурстарын дайындаудың проблемалары мен перспективалары, цифрлық білім контенттерін қолданудың тиімділігі және білім алушылардың электрондық ресурстарды қабылдау мотивациясы мен ерекшеліктерін анықтау барысында талдау және синтез, салыстыру, эксперимент сияқты жалпы ғылыми-зерттеу әдістері, сондай-ақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында сұрақ-жауап және сұхбат жүргізу әдістері қолданылды.
Авторлар белгілі бір қиындықтар мен шығындарға қарамастан, электрондық ресурстар заманауи білім берудің өте маңызды элементі болып табылады және белгілі бір қаражатты инвестициялауды, олардың мазмұнын үнемі жаңартып отыруды, осылайша оны тұтынушы үшін танымал етуге мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.