Мақалада Кентау қаласының мысалында 1940 жылдың аяғы мен 1980 жылдардағы Қазақстанның өндірістік қалаларының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз жүйесінде қалыптасқан мәселелер қарастырылады. Ғылыми айналымға енбеген мұрағаттық деректерді талдай келе, 1960 жылдың ортасына дейін Кентау қаласы тұрғындарын жабдықтау жүйесінде бірқатар қиындықтар туындағаны анықталды. Бірінші кезекте шикізатқа негізделген өндірісті дамытуға баса мән беріліп, халықтың тұрмыстық және әлеуметтік мәселелері кейінгі орындарға ығыстырылды. Қала тұрғындарының күнделікті өмірінде өз қолдарымен киім-кешек тігу, тұрмысқа қажетті үй жиһаздарын жасау, өз күшімен жеке тұрғын үй салу тәжірибесі кең тарады. Кеңестер Одағын дүр сілкіндірген «Теміртау оқиғасынан» кейін ғана елімізде жаңадан бой көтеріп жатқан индустриалды қалалардың шиеленісті тұрмыстық мәселелері оң шешіліп, орталықтанған жүйе бойынша жабдықтала бастады.
1940 Ж. АЯҒЫ-1980 ЖЖ. ӨНДІРІСТІК ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (КЕНТАУ Қ. МЫСАЛЫНДА)
Жарияланған September 2023
61
43
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Кентау қаласы, күнделікті өмір тарихы, азық-түлікпен қамтамасыз ету, кеңестік кезең, қала тұрғындары.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Пазилов, Е. 2023. 1940 Ж. АЯҒЫ-1980 ЖЖ. ӨНДІРІСТІК ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (КЕНТАУ Қ. МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 77 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.031.