Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

СОЛТҮСТІК КАВКАЗДАН ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНДАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР (СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Жарияланған October 2023

153

166

НАО "Университет имени Шакарима города Семей"
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан
Аңдатпа

Кеңес мемлекетінің адамдарды мәжбүрлеп депортациялауы-ХХ ғасырдың даулы тақырыбы. Бұл мақалада Семей қаласының жаңа тарихын құжаттандыру орталығының мұрағат материалдарын талдау негізінде, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Солтүстік Кавказ тұрғындарын Семей облысының аумағына депортациялаудың жекелеген аспектілері сипатталады. Сондай-ақ архив дереккөздері негізінде облыс аудандары бойынша арнайы шешен қоныс аударушыларын қоныстандыру мәселесі қарастырылып, депортацияланған халықтың сандық құрамындағы өзгерістер зерттелінеді. Ұсынылған мәселе бойынша мұрағат қорларындағы құжаттар арнайы қоныстандыру жүйесі жағдайында Кавказдаң депортацияланған халқының өмірін зерттеу аспектілерін кеңейтуге, арнайы қоныстардағы тұрғын үйді орналастырудың ерекшеліктері мен қиындықтарын, материалдық-тұрмыстық жайластыру проблемаларын, депортацияланғандардың арасындағы жоғары өлім-жітімінің себептерін зерделеуге мүмкіндік береді. Құжаттарды зерттей отырып, депортацияланғандарды жаңа жерге орналастыру кезінде жергілікті биліктің әрекетсіздігінен, ал кейбір жағдайларда совхоздар мен колхоз басшыларының арнайы қоныстанушыларға тиісті ресурстар бөлгісі келмеуінен қиындықтар туындағаны белгілі болады. Нәтижесінде жағымсыз әлеуметтік және демографиялық салдар пайда болды. Алайда, осы кедергілерге қарамастан, депортацияланған адамдар өздерінің жаңа жағдайларына бейімделе отырып, тіпті аймақтың экономикалық прогресіне өз үлесін қоса алды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ахметова, Р., Жанкадамова, Г. і Атантаева, Б. 2023. СОЛТҮСТІК КАВКАЗДАН ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНДАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ МҰРАҒАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР (СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.025.