Мақала Қазақстанда коммунистік партия қолданған «қызыл террор» репрессиялық саясатының кейбір аспектілеріне арналған. Бұл мақаланың мақсаты 1937-1946 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылы материалдары бойынша саяси қуғын-сүргіннің кейбір сәттерін нақтылап, айқындау болып табылады. Алға қойылған осы мақсат өзектілігін және зерттеу форматы шағындылығын ескере отырып мақала авторлары көрсетілген мерзімдегі мемлекетте орын алған қанды акцияның тек жекелеген мәселелеріне ғана тоқтала алды. Сталиндік режимнің жаппай қуғын-сүргін құрбандары жерленген Жаңалық ауылы Қазақстандағы ең үлкен жерлеу орыны болып саналады: мұнда 4121 адамның денесі жатыр. Ондағы әрбір фамилия артында қатал түрде үзілген адам өмірі, орны толмас халық саны мен жекелеген тұлғалар тағдыры, сондай-ақ қазақтар мен алыс-жақын елдерде туылғандар есімдері тұр. Мұнда соңғы жайын тапқан адамдар репрессия диірменіне түскен болатын, өйткені мемлекеттің қанды науқаны ешкімді де аяй қойған жоқ еді. Осы фактілерді ескере отырып авторлар саяси репрессияның негізгі мәселелеріне шолу жасады да, жалпы теориялық сауалдарды талдаудан өткізді. Кейбір тұлғалардың атылуының мезгіліне қатысты көзқарастар талданды. Репрессияға ұшыраған және Жаңалықта жерленген азаматтардың түрлі статустар (әлеуметтік жағдайы, ұлты, т.б.) жайы талданды. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары арасындағы қазақтардың (алаштықтардың) пайыздық көлемі нақтыланды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
baigunakov, dosbol 2023. ЖАҢАЛЫҚТА ЖЕРЛЕНГЕН АЛАШ АРЫСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.004.