Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ (ғылыми тарихи еңбектерінің негізінде)

Жарияланған September 2023

62

45

КазНУ им.аль-Фараби
Аңдатпа

Мақалада Алтын Ордада көшпелі мемлекеттік және империялық дәстүрлер мен институттарының даму мәселелеріне тарихнамалық сараптама жасалған. Еуропалық және ресей зерттеушілердің тарихи көзқарастардың формациялық және өркениеттік әдістер шеңберіндегі эволюциясы мен трансформа-циясы өте ұқсас, себебі бұл үрдістер көшпелілер қоғамының статикалық сипаты туралы пікірден бастап ерекше даму жолдары бар және шекаралас отырықшы-егінші халықтардың күшті әсері туралы теорияларыдың қалыптасуында болса керек. Алтын Орданың мемлекеттілік және империялық жаратылысы туралы әртүрлі әдістерді қарастыра отырып зерттеуші тарихи ізденістердің көпшілігі саяси ұйымдастырудың күрделілігі және құрылымдық өзгешіліктері туралы көшпелі хандықтар және Мәскеу мемлекетіндегі басқарудың үзілмеген жалғастығы болғаны туралы қорытындыға келеді. Бұл мәселеде, ең алдымен зерттеудің прогресивті ортасы ретінде пәнаралық диалогты дамыту өзектілігі анықталды. Ғылыми білім дамуының заманауи үрдістері көрсеткендей ғылыми әдіснама талаптарына сәйкес зерттеулер ғана өз жемісін бермек, сондықтан тарих ғылымыны мақсаты қайдағы бір мифтерді әшкерелеп, сыни және сәйкестелген тарихи орта қалыптастыруда болса керек. Бұндай кешенді өзгерістер пәнаралық байланыстарлы нығайтуды және Еуразия кеңістігінлегі көшпелі мемлекеттілік-тің жалпы тарихи үдерісін жүйелі әдіс – тәсілдер мен жаңа методология негізінде зерделеуді дамыта түседі.

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Майданали, З. 2023. АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ (ғылыми тарихи еңбектерінің негізінде). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 77 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.018.