Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ: ҚАЛАМГЕРЛІК-ТҰЛҒАЛЫҚ ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫ

Жарияланған April 2023

237

512

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилёва
Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан, белгілі жазушы және көрнекті қаламгер – Кемел Тоқаевтың жазушылық жолының қалыптасуы мен журналистика саласын кәсіби деңгейге көтерудегі еңбегіне, ғибратты ғұмырына қатысты зерттеу ұсынылады. Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетінде өзінің асқан таланты мен кәсіби білігінің арқасында аударма ісі мен журналистиканы ұштастыра отырып, проза саласында детектив жанрының негізін салды. Оның қаламгерлік жолы студенттік кезінен түрлі газеттерде тілші, республикалық басылымдарда жауапты қызметтерді атқарудан басталып, жауапты редактор дәрежесіне дейін көтерілді. Ол қазақ баспасөзінде келелі істер атқарған тұлға ретінде қалды. Кеңес милиционерлерінің өмірі – жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың негізгі тақырыбына айналды. Оның детектив жанры бойынша жазылған шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, шет елдік басылымдарда да танымалдылыққа ие болды. Сондықтан да оны қазақ «детектив» саласының негізін салушы, осы саланы биік деңгейге көтеруші қаламгер деп атауға болады. Тұлғаның шығармашылығы мен тағылымды өміріне қатысты «тарихи тұмырнама», «тарихи тұлғатану» бағытында жүргізілген зерттеу нәтижелері мақалада жан-жақты қарастырылып, нақты мәліметтер ұсынылады. Сонымен қатар, К. Тоқаевқа қатысты замандастарының баспасөз беттеріндегі естеліктері, мемуарлық естеліктер мен жеке зерттеулер жинақталып, бір жүйеге келтіріледі. 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шакиев, М. 2023. КЕМЕЛ ТОҚАЕВ: ҚАЛАМГЕРЛІК-ТҰЛҒАЛЫҚ ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 75, 3 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.025.