Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

МОҢҒОЛДАР КЕЗІҢІНДЕ ҚЫТАЙДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДІҢ, ИМПОРТ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫҢ СИПАТЫ

Жарияланған October 2023

140

100

Аңдатпа

Мақала XIII ғасырдағы сауда тарихы, тауар алмасу және аймақтың экономикалық даму тенденциялары туралы, Оңтүстік Сун әулетінің құлауынан Юань әулетінің негізін қалаушы Құбылайдың билікке келуіне дейінгі кезеңнің құнды дереккөздері болып табылатын батыс және шығыс деректері негізінде жазылды. Автор мақаланы жазу барысында, бірқатар болжамдар мен тұжырымдарға келеді: моңғолдардың билікке келуімен Азия аймағымен байланыс күшейе түскендігі, тауарлардың түріне байланысты баж салығының, алымдардың градациясымен күрделі жүйе құрылғандығы,  Оңтүстік Сун мен Юань кезеңінде Қытай көршілерімен белсенді сауда жасап, жібек, фарфор және басқа да дәрілік өсімдіктерді экспорттағанын, Оңтүстік Сун тұсында мыс экспортталғандығы, Юань кезеңінде – юньнаннан жылқылар шығарылғандығы, сондай-ақ Оңтүстік Сун кезінде камфора, піл сүйегі, құнды ағаш түрлері, тасбақа қабығы, мақта, асыл тастар, хош иісті зат, шыны және дәмдеуіштер әкелінгендігі және моңғолдар кезінде бұл тізімнің негізгі тармақтары сақталып, жылқы саудасы күшейе түскендігі айтылады. Яғни, Юань әулетінің билікке келуі аймақтағы сауда жағдайына оң әсер еткендігі тұжырымдалады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Bedelova, G. 2023. МОҢҒОЛДАР КЕЗІҢІНДЕ ҚЫТАЙДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДІҢ, ИМПОРТ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫҢ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.010.