Мақала, Кеңестік билік кезеңінде мемлекеттік-саяси және қоғамдық істермен айналысып, ұлты үшін қызмет еткен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің өмірі мен қызметіне арналады. Мақаланың негізгі дереккөзі архив құжаттары мен жекелеген зерттеушілердің еңбектеріне негізделген. Сонымен қатар, Ұ.Ж. Құлымбетовтың қатардағы мектеп мұғалімінен бастап, Қазақстанның жоғары басшылық қызметі – Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметіне дейінгі атқарған еңбек жолын сипаттайтын құнды деректер енген. Қазіргі уақытта Ұ. Құлымбетовтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік іс-әрекетін, артында қалған мол рухани мұрасын талдап-таразылап жарыққа шығару өте өзекті саналады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (бұдан әрі – ҚР ОМА) қорындағы құжаттарды ғылыми айналымға енгізу маңызды.
Мемлекет және қоғам қайраткерінің халық ағарту бөліміндегі, елдегі ұжымдастыру мен индустрия-ландыру, мәдени рефолюция мен әкімшілік-аумақтық аудандастыру, әліпби реформасы мен астананы Қызылордадан Алматыға көшіру, денсаулық сақтау, өндіріс орындарын ашу мен мамандар даярлау ісіндегі қызметіне қатысты еңбекгіне талдау жасалады. Тұлғаның өмірі, мемлекеттік және саяси қызметі-не қатысты «тарихи тұлғатану» бағытында жүргізілген зерттеу нәтижелері мақалада жан-жақты қарасты-рылып, нақты мәліметтер ұсынылады. Мақалада деректанулық, нақты тарихилық, тарихи-салыстыру әдістері басшылыққа алынды.
ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ТАРИХИ ТҰЛҒА: САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Жарияланған December 2023
100
71
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Nurbayeva, D. і Дукенбаева 2023. ҰЗАҚБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВ ТАРИХИ ТҰЛҒА: САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 79 (Груд 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.79.4.029.