Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған April 2023

83

75

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар адам өмірі мен қоғамдық қарым-қатынастардың маңызды бөлшегіне айналды. Ғылым және білім беру саласы да ақпараттық технологиялардың үлкен әсерінен қалыс қалған жоқ. Оқу үдерісін ұйымдастыруды тиімді етіп, электронды ресурстарды тақырыпқа сай дұрыс қолдана білу жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Бүгінгі күні электронды ресурстарды қолданбай сабақ өткізу тіпті мүмкін емес. Электронды ресурстарды пайдаланған сабақ пен дәстүрлі білім берудің үлкен айырмашылығы бар. Басты айырмашылық оқытушының іс-әрекетінде. Дәстүрлі білім беру жағдайында оқытушы барлық ақпаратты жеткізуші және сол ақпараттар студенттер тарапынан білім мазмұны ретінде қабылданатын. Оқу үдерісінде электронды ресурстарды белсенді пайдалану нәтижесінде оқытушының қызметі түбегейлі өзгерді. Ендігі кезекте оқытушы оқу үдерісінде бағыт беріп, ақпараттардың кең көлемімен таныстырады және қажетті ақпараттарды табуды студенттерге қалдырады. Студенттерді үнемі ізденісте болып, үздіксіз өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігін қалыптастырады. Мұндай құзіреттілік тек жоғары оқу орындары ғана емес, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің оқытушылары үшін жаңа жауапкершілікті жүктеп отыр. Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін оқу үдерісінде инновациялық технологиялар, электронды ресурстарды пайдаланудың әдістемелік негіздеріне ерекше мән беру қажет.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мусабай 2023. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 75, 3 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.024.