Мақаланың теориялық бөлімінде катакомба терминінің этимологиясы мен мағынасы талқы-ланып, Евразия даласындағы ерте кезеңге жататын катакомбалық жерлеулер жөнінде мәлімет келтірілген. Мыңтөбе қорымындағы катакомбалар қаңлы кезеңіне тиесілі болғандықтан және тарихи деректер бойынша қорым орналасқан аймақтарда қаңлы тайпалары мекендегендіктен аталмыш тайпаның мәдениеті мен жерлеу дәстүріне тоқталынған. Осыдан кейін Мыңтөбеден табылған катакомбалық қабірлер, жерлеу дәстүрімен бірге тұтастай қарастырылған. 2017 жылы қазылған №3 обадағы катакомбалық жерлеу мен 2022 жылы қазылған катакомбалық жерлеулер арасында өз ара ұқсастықпен айырмашылықтың бар екендігі аңғарылған. Атап айтар болсақ әр екі обада жерлеулер катакомбалық қабірде жүзеге асырылған. Бірақ №3 обадағы катакомбада ұжымдық жерлеу жүзеге асырылса, №7 обадағы катакомбада жалғыз бір қаңқа жерленген. Ал, №3 обада о дүниелік тарту таралғылар қаңқалардың бас жағына немесе жаңдарына салынса, №7 обада олар қабір сыртындағы оба үйіндісі астында жатқан жер бетіне орналастырылған. Бұл жағдай Мыңтөбе қорымында әр түрлі сенім өкілдеріне тиесілі түрлі кезеңге жататын жерлеулердің бар екендігін болжауға мүмкіндік берді.Ал, қабір құрылымы мен түрін айқындау мақсатында А.Н.Подушкиннің жасаған сыныптауы келтірілген. Бұл бойынша Мыңтөбедегі қабірлердің «Т» түріндегі катакомба екендігі белгіленген. Салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында Қазақстан, Қырғызыстан және Өзбекістандағы катаком-балық қабірлер негізге алынған. Қорытынды да тақырыпқа байланысты болжамды тұжырымдар келтірілген.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Мыңтөбе, катакомба, қаңлы, қорым, оба, жерлеу дәстүрі, көшпелі мәдениет, отырықшы мәдениет.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Гурсой 2023. МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ КАТАКОМБАЛЫҚ ЖЕРЛЕУЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.023.