Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҮКІМЕТКЕ ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІСТЕРДІҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Жарияланған April 2023

76

60

Ену им Гумилева
Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңес Одағындағы, соның ішінде оның құрамында болған Қазақстандағы сталиндік тоталитарлық биліктің қазақ ауыл шаруашылығын-дағы ірі байлар мен орташа ауқатты адамдарды тап ретінде жою, шаруашылықты казармалық социализм талаптарына сай ұжымдастыру жасау мақсаты, барысы мен зардаптары туралы баяндалып, ғылыми баға берілген. Сол мерзімдегі БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И. Голощекиннің республиканың ауыл шаруашылығындағы «Кіші Қазан төңкерісін» ұйымдас-тырудың барысы мен оның зардаптары, осының негізіндегі халықтың дәстүрлі шаруашылығынан айырылуы, үлкен бөлігінің көрші елдерге жасырын жаппай қоныс аударуы, ал қалғандарының қолдан жасалған аштықтан қырғынға, демографиялық апатқа ұшырауы нақты деректер негізінде баяндалған.

Ауыл шаруашылығын қысқа мерзімде іске асыру үшін Қазақстанда бай және орташа ауқатты шаруаларды тап ретінде жою саясаты аса өрескел, қаталдықпен жүргізілді, асыра сілтеудің молынан орын алуына байланысты одан тіпті қатардағы және кедей шаруалар да зардап шекті. Ұжым-дастыруды жақтамаушылардың және қарсы шығушылардың барлығы қаталдықпен жазаланды. Олардың басым бөлігі бүкіл жанұя мүшелерімен бірге КСРО-ның басқа өңірлеріне, соның ішінде Сібірге ұзақ мерзімге жер аударылды.

Мақалада осы айтылғандар нақты мұрағат және тарихи деректер негізінде баяндалып, оған ғылыми қорытынды жасалған. Қазақстандағы ешқандай дайындықсыз және жергілікті тұрғындарға оның қажеттігі мен маңызын түсіндірусіз, миллиондаған адамдарды туған жерлерін тастап, босқындыққа ұшырату және бірнеше миллионын қырғынға ұшырату арқылы іске асырылған сталиндік ұжымдастыру қорытындыларын әлемдік тұрғыда жариялауға арналған ұсыныстар берілген. 

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Набиев 2023. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҮКІМЕТКЕ ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІСТЕРДІҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.012.