Мақалада Қазақстан Республикасындағы алғашқы кәсіптік білім беру мәселелері қарастырыла-ды.Өңірлер мен жылдар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері санының динамикасы, жас санаттары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің контингенті, оқытушылар мен шеберлердің сандық және сапалық құрамы, оқу орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы талданды. Алдағы уақытта еліміздің білім жүйесіне толықтай енуі қажет болып отырған жаңашылдыққа негізделген білім беру үдерістерін жетілдірудің оқу-әдістемесіне келетін болсақ, қазіргі уақытта еліміз бойынша оның іс-әрекеттері мен құрылымдары біршама анықталып қалды. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың бірқатары іс-тәжірибеден өтіп, өскелең ұрпақты кәсіби қалыптастырудың келешек даму жолдары ретінде айқындалуда.
Жаңа қоғамдық қатынастың «жаңа педагогын» қалыптастыру үшін, педагогикалық жаңа технологияларды біліктілікті арттыруда кеңінен пайдалана отырып, білім беру жүйесі қызметкер-лерінің ғылыми-әдістемелік бағыттағы жұмыстарын жетілдіру қажет.
Кәсіби даярлаудың дуальды жүйесінің шетелдік тәжірибесіне, кәсіби деңгейдегі білікті маман-дарды бастапқы даярлаудың проблемалары мен перспективаларына талдау жасалды.