Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АБУ-Л-ҒАЗИ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған April 2023

119

120

Дулати атындағы Тараз университеті
Аңдатпа

Мақалада тарихшы-шежіреші Абу-л-ғазидің "Шеджере-и-таракиме" шығармасы бойынша Орталық Азия халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихына шолу мен ғылыми талдауға арналған. Мақаланың негізгі мақсаты – адамның пайда болуынан бастап ХVII ғасырдағы түрікмендер тарихына дейінгі кезеңді сипаттайтын "Шеджере-и-таракиме" шығармасында жазылған деректердің ғылыми маңыздылығын талдау және анықтау, сондай-ақ әр кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріне ғылыми-теориялық талдау жүргізу.

Орталық Азия халықтары күрделі этникалық тарихында маңызды рөл атқарған тайпалардың шығу және таралу тарихын қарастыруда ортағасырлық ғалымдардың еңбегін айналып өтуге болмайды. Соның ішінде Абу-л-ғазидің еңбегі түркітілдес халықтардың дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерін көрсетуде, орта ғасырлардағы этносаяси процестерді зерттеуде маңызды. Еңбектегі деректерді талдау тарихтың кейбір беймәлім болып келген тұстарын тереңірек ашуға көмектесіп қана қоймай, түркі халықтары арасындағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси өзара байланыстарды көрсетуде жетекші еңбектердің қатарын құрайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы үшін ортағасырлық авторлардың еңбектерін деректану және тарихнамалық аспектілерде жан-жақты, мұқият зерделеудің маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз - тарихшы Абу-л-ғазидің "Шеджере-и-таракиме" шығармасындағы Орталық Азия халықтарының ежелгі және орта ғасырлардығы тарихын ашуға көмектесетін деректерін талдау, осы деректер көрініс тапқан отандық және шетелдік түркітанушылардың еңбектерінмен салыстыра отырып зерттеу болып табылады.

 

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ташқараева, Ә. 2023. АБУ-Л-ҒАЗИ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 76 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.007.