Тирания өзінің интитуционалды-құрылымдық мазмұнына сәйкес басқаруға, ұйымдастыруға, бақылауға негізделген саяси басқарма формасы болып табылды. Сонымен қатар аталған озбырлық полистің азаматтарын өз еркіне бағындыратын зұлым-жендеттің дөрекі құралы ретінде сипатталып қана қоймай, антикалық авторитаризмнің бір түрі және саяси режимі болып саналды.
Оның ұстанымдарының жеке полистардың ішінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде, әсіресе Жерорта теңізі аймақтарында күшеюі қарсыластары тарапынан көреалмаушылық сезімін тудырып, ерекше алаңдаушылыққа жол берді, себебі оның өзі де бұл аймақтарда жеке ықпалын таратудан және бекітуден бас тартпады. Өз кезегінде олардың мұндай ой –пиғылдары сол жергілікті орындарда сақталып қалған озбырлық режимді құлатуға бағытталған іс-әрекеттерге апарып соқты. Спарта бұл бағытта ерекше саясатты ұстанып, белсенділік танытты.
Спарта озбырлармен кұресте өзі үшін аз мөлшердегі шығындармен шығатын жолды таңдай отырып, белсенді іс-әрекеттерге ғана жүгінбей, сонымен қатар өзінің ресми түрде жарияланған ұстанымдарынан бас тартып және сырт көзге тартқыншақтықтың белгісі болып көрінетін кұрестің тактикалық әдіс-тәсілдерін де қолданды. Іс жүзінде Спарта өзінің стратегиялық бағытымен жүрді.
Грек аймақтарында ықпалын тарату және көшбасшылыққа ие болу жолындағы кұресте Спартаның шынайы қарсыластары рөліне таласатын полистардың бірі ретінде Афина болды.