Мақала Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің археологиялық коллекциясын қалыптастыру тарихына арналған. Аталмыш коллекцияны жинақтауда 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы, генерал-адъютант Граф Павел Петрович Сухтелен құрған Орынбор музейінің коллекциясы үлкен рөл атқарды. Мақалада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің (әрі қарай ҚР МОМ) қорын толықтырған археологиялық экспедициялар туралы мәліметтер келтірілген. Архивтік және есепке алу құжаттары қаралды, Еуразиялық дала белдеуінің қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеумен айналысқан археологтардың жарияланымдары талданады. Сондай-ақ, ұсынылып отырған мақаланың ауқымында этникалық бірлестіктердің шаруашылығын, мәдениетін, дүниетанымын, тұрмысын, қоғамдық қалыптасуын зерделеудегі орны ерекше: Атасу, Мыржық, Ақмұстафа, Саңғұр, Беғазы, Ақмая, Ақсу-Аюлы, Шортанды бұлақ және Бұғылы І, ІІ сынды т.б. қоныстар мен қорымдардан құралған маңызды археологиялық ескерткіштердің артефактілерінен ҚР МОМ археология қорында қалыптасқан Орталық Қазақстанның қола дәуірі коллекциясының құрамына кіретін тас еңбек құралдарына талдау жасалады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Айтқұл, Х. 2023. ТАС ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.018.