Аңдатпа
Ресей империясының пошта-телеграф ведомствосы қызметін тек пайда табу мақсатында жүзеге асырды. Жалпы Ресей империясының пошта қызметі еуропа мемлекеттерінен кенже қалып, Қазақстанда да XIX ғасырдың соңында-XIX ғасырдың басында империяның басқа аймақтарымен салыстырғанда дамуы артта қалған болатын. Алайда аймақтың өзіндік ерекшеліктеріне қарай пошта қызметі Қазақстанда коммуникацияның дамуының негізгі тетігіне айналды.
Қарастырылып отыраған мақала Жетісу облысында XIX ғасырдың соңында-XX ғасырдың басында пошта мекемелерінің қызметін және пошта қатынасының ұйымдастырылуын жан-жақты зерттеуге арналған. Мұнда пошта мекемесінің негізгі қызмет бағыттарын, жалпы қарастырып отырған уақыт аралығында пошта жүйесінің дүниежүзінде даму призмасынан Қазақстанда, оның ішінде Жетісу облысында даму динамикасын, Коммуникация түрі ретінде Жетісу облысында пошта жолдарының негізгі маршруттарын талдау негізгі міндеттер ретінде қарастырылған.