Табиғатпен тұтас өмір сүрген қазақ халқының тұрмыс тіршілігіндегі ұмытылып бара жатқан космологиялық ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу өзекті болып табылады. Мақалада қазақтардың өмір сүру салтында ерекше орын алатын космологиялық түсініктерді қазақ рухани мәдениетіне кең көлемде қайта қалыптастыру проблемасы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ең басты мақсаты – қазақтар арасындағы Ай мен Күн туралы халықтық космологиялық түсініктерін талдау және зерттеу. Авторлар халық арасынан және ауыз әдебиет деректерінен тереңнен зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір нәтижеге жету үшін жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістер жиынтығын қолданды. Сол әдістердің ең маңыздысы – ретроспективті әдісі. Қазіргі кезде сақталған көне тарихтың элементтерін оқып-үйрену, солардың негізінде тарихтағы оқиғалар мен құбылыстарды қайта жаңғырту дәл осы әдіспен жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысының талдау нәтижесінде қазақ халқының рухани құндылықтары мен мәдени мұраларын космологиялық түсініктер арқылы қазақ дүниетанымын тануға негіз болды. Мақалада қозғалған басты мәселе ретінде қарастырылған тарихи - этнографиялық зерттеулер нәтижесінде ата-бабамыздың ұлттық болмысын сипаттайтын «космологиялық түсінік» ұғымы қорытындыланып, этнология саласының дамуы барысында қазақ халқының рухани байлығы болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалады деп тұжырымдалды. Зерттеу тақырыбын ары қарай дамыту барысы, осы космологиялық түсініктер тиімділігін арттыратын басқа да факторларды анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет етіледі.
ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ КОСМОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР ( КҮН МЕН АЙҒА ҚАТЫСТЫ)
Жарияланған September 2023
90
71
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Eshbekova, G. 2023. ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ КОСМОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР ( КҮН МЕН АЙҒА ҚАТЫСТЫ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 76, 4 (Вер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.77.2.026.