Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

А.Ж. МАШАНОВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

Жарияланған May 2021

76

62

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессоры, көзінің тірісінде «ХХ ғасырдың Аль-Фарабиі» дейтін жоғары атақ алған геология-лық-минералогиялық ғылым докторының өмірі мен ғылыми мұрасы қарастырылады. Ғалымның шығармашылық жолы, белсенді қоғамдық қызметі 20-ғасырдың екінші жартысы, қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезең, тәуелсіздік пен бостандық үшін күресі, ұлттық сана-сезімнің ояну және көтерілу кезеңімен тұспа-тұс келеді.
Ғалым тек қазақстандық және советтік ғылым ортасында ғана емес, әлемдік ғылым қауымдасты-ғында да кеңінен танымал. Оның ғылыми еңбектері кәсіби қызығушылық танытатын түрлі пәндердің кең спектрін қамтиды, атап айтқанда: геология, тау-кен ісі, тарих, археология, фарабитану, теология. Ол араб, ескітүрік, иврит және тағы басқа да тілдерді меңгерген. Аль-Фарабидің еңбектерін негізгі әдебиеттерден зерттеді және олардың кең таралуына үлкен үлесін қосты.

pdf (English)