Зерттеу жұмысының мақсаты– ХХ ғасыр басында қалыптасып, өздерінің қоғамдық-саяси қызмет-терінің негізгі бағыты ретінде халыққа білім беру ісін жетілдіру, зайырлы білім беру саласын дамыту ісін таңдап алған ұлт қайраткерлерінің қызметін жан-жақты ашу болып табылады.
Мақаланың басты міндеттерінің бірі ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, қазақ халқының мүддесі мен қызығушылығының қорғалуына үлкен мән берген мемлекет пен қоғам қайраткері ретінде танылған Садықбек Сапарбеков пен Әбілхайыр Досовтың өмірі мен қызметінің бетбұрысты тұстарын тарихи талдауға арналады. Сонымен қатар, Қазақстанда Кеңес өкіметін құруға белсене қатынасқан, республикамызда партиялық-мемлекеттік істі ұйымдастырып, басқаруда үлкен еңбек сіңірген ірі қайраткерлер Әбілхайыр Досов пен Сапарбеков Садықбектің сталин-дік қуғын-сүргінге ұшырауының себептеріне мән берілген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі XX ғасырдың І жартысындағы зиялы қауымның атқарған іс-әрекеті мен идеологиялық бастамаларының қазіргі тәуелсіз Қазақстанның саяси-идеологиялық ұстанымдарымен тығыз сабақтасатындығын анықтайды. Қазіргі таңда қоғамымызда өткен зиялы қауымның ұстанымдары-мен жүретін саяси зиялы ортаны қалыптастыру маңызды болып табылады. Себебі, жаһандық үрдістер өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтар мен зиялылықтан алшақтап кетуіне ықпалын тигізуі мүмкін.
Зерттеудің нәтижесі өткен дәуірдің зиялы тобының бірқатар өкілдерінің мемлекетті қалыптастыру мен нығайтудағы күрес жолының тарихи аспектілерімен айқындалды.