Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ тарихи романдарындағы тарихи тұлғалардың көркем тұжырымдама-лары қарастырылды.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихи романдарындағы тарихи тұлғалардың көркем тұжырымдамалары зерт-телді, Алтын Орда дәуірінің тарихы мен сол дәуірдегі тарихи тұлғалар туралы авторлық тұжырымдама-лар ерекшеліктеріне салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізілді. І.Есенберлиннің тарихи романдарын-дағы Алтын орда дәуірінің тарихи тұлғалары туралы тұжырымдамалары негізінде тарихи шындық пен ойдан шығарылған көркемдік қоспалар деңгейі айқындалды. Авторлық көзқарастардың, әсіресе тарихи тұлғалар бейнесінің тарихи және әлеуметтік-мәдени парадигмалар ауысуы контексінде белсене түскені аталып өтті. Тарихи кезең мен тарихи тұлғалар тұжырымы мәнінің өзектілік құндылығы айқындалды. Жиырмасыншы ғасырдағы тарихи романистиканың сан қырлы көркем материалдарындағы Алтын Орда дәуіріндегі авторлық тұжырымдамалардағы көркемдік және тарихи дискурс өзгерістерін анықтау зерттеу-дің ғылыми жаңалығы болып табылады.Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған Алтын Орда дәуіріне және сол замандағы тарихи тұлғалар тұжырымдамасына жүйелі-салыстырмалы талдау жасау – алынған нәтижелердің өзектілігін айқындады:ХХ ғасырдағы тарихи романдар негізінде Алтын Орда дәуірі тарихына және тарихи тұлғаларына қатысты авторлық тұжырымдамалардың көркем-дік ерекшеліктеріне салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізілді;
І.Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясының материалдары негізінде Алтын Орда дәуіріндегі тарихи тұлғалардың мемлекетшілдік идеямен байланысының көркем тұжырымдамасының ерекшелігі зерттелді.