Мақалада, бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген архивтік құжаттар негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының 1932-1991 жж. денсаулық сақтау ісінің қалыптасу процесі зерттеледі. Сонымен қатар, осы саладағы мемлекеттік саясат пен халықтың денсаулығын жақсарту бойынша атқарылған шаралар туралы қосымша мәліметтер ұсынылады. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесі кеңестік кезеңнің өзінде медицина саласындағы мамандарды даярлау, ғылыми орталықтармен байланыс орнату арқылы дәрілік препараттар мен дәрі-дәрмектерді өңдеу, емдеу шараларын ұйымдастыру, елде-мекен-дерде ауруханалар салу мен оның техникалық базасын күшейтуге бағытталды. Мақаланың хронология-лық кезеңі бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық архиві мен ҚР Орталық мемлекеттік архиві қорындағы деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы өңірдегі санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайға кезең бойынша толық сипаттама беру, өсу және төмендеу көрсеткіштерін анықтау және негізгі мәселелер бойынша толыққанды сипаттама беруді қамтиды. Облыстың медицина саласы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары мен 1970-жылдары қанқынды түрде дамыды. Бұл өңірдің орналасуы мен өзіндік ерекшелік-теріне байланысты болды. Мақала ғылыми зерттеудің салыстырмалы-тарихи, мәліметтерді тарихнамалық жүйелеу және деректемелік іздестіру әдістеріне негізделген.