Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Ақтөбе өңірінде өткен сайлау науқаны кезінде азаматтардың сайлау құқығынан айыру мәселелері жан-жақты қарастырылады. 1918 және 1925 жылдардағы Конститу-цияларда сайлау құқығынан айырылған азаматтардың санаттары нақты көрсетілген. Олардың негізін құлатылған қанаушы таптардың өкілдері құрады. Кейінгі жылдары азаматтардың бұл санаттары сайлау және қайта сайлау науқандарында үнемі өсіп жатқаны байқалды. Көп жағдайда бұл шаралар сайлау ережелері мен нұсқауларынан тыс жүргізілді. Жергілікті сайлау комиссияларының жұмыстарында қайшылықтар көп болды. Сайлау құқығынан айыру шарасына бұрын осы жазаға ұшыраған азаматтың отбасы мүшелері де, яғни әйелдері,бала-шағалары тартылды. "Айырылғандар" отбасы мүшелері жұмысқа орналасуда қиыншылықтарға тап болды, оларға әлеуметтік көмек те тие бермеді, мектепте білім алуда барысына,жоғары оқу орындарында оқуда үнемі кедергілер кездесіп отырды, тіпті Қарулы Күштер қатарында қызмет ете алмады. Мұндай қасіретті жағдайда әйелі күйеуінен ажырасуға, ұлы мен қызы әкесінен бас тартуға мүжбүр болды. Мақалада жаңа архив деректері мен материалдары негізінде Ақтөбе өңіріндегі оқиғалар мысалында азаматтарды сайлау құқығынан айыру науқанының барысы және салдары егжей-тегжейлі ашылып, талданады.
САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ-КЕҢЕСТІК ҚУҒЫН-СҮРГІН САЯСАТЫНЫҢ БІР КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ (ХХ ғ.20-30 жж.) (АҚТӨБЕ АРХИВІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)
Жарияланған March 2023
61
47
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ұзақбай, И. 2023. САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ-КЕҢЕСТІК ҚУҒЫН-СҮРГІН САЯСАТЫНЫҢ БІР КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ (ХХ ғ.20-30 жж.) (АҚТӨБЕ АРХИВІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 75 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/5473.2022.51.59.001.