Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ХVIII-ХIХ ғғ. ОРЫС КАРТОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ

Жарияланған May 2021

103

55

Аңдатпа

Қазақ даласына сәтімен дендеп ену мақсатында Ресей империясының басымдықты міндеті карто-графиялық зерттеу болды. Әскери-топографиялық депо офицерлері мен Орыс географиялық қоғамының мүшелері Қазақстан аумағын топографиялық зерттеуге аса көп үлес қосты. Жаңа замандағы Қазақстан тарихын зерттеу барысында картографиялық дереккөздерді анықтау, сипаттау және алдағы уақытта пайдалану міндеті тұратыны сөзсіз. Тарихи процестің кеңістіктік аспектілерін табыспен зерттеу, сан алуан
түрдегі және типтегі нешетүрлі карталардың зор мөлшерінде бағдар табу, сондай-ақ жүйеге келтіру және сақтау мақсатында мақалада жіктеу мәселелері талданды және зерттеу барысында жиналған құжат-тар жинақтамасынан алынған ХVIII-ХIХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша орыстың картографиялық материалдарына қысқаша шолу жүзеге асырылды. Жіктеу зерттеудің логикалық талабын қанағаттан-дыруы тиіс. Анықталған ескі карталарды жіктеу негізіне негізгі белгілер алынды: аумақтық, хронология-лық, тақырыптық, масштабтық, мақсаты мен мазмұны. Бұл ретте бірінші кезекте картадағы үстем белгі ескерілді және ол бойынша жіктеу орындалды, қосымша белгілер екінші дәрежелі болды және жіктеуді толықтырды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ksenzhik, G. і Salkynbek, D. 2021. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ХVIII-ХIХ ғғ. ОРЫС КАРТОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).