Бұл мақалада авторлар патшалық Ресей империясының ең ірі зерттеушісі, А.Е. Алекторовтың бай ғылыми мұрасы мен шығармашылығын жан-жақтықарастырған. Оның бай мәдени-рухани мұрасы сан алуан, казіргі таңдада оның мұрасына, тұлғалық қасиеттеріне, өмір жолы мен қызметіне қазақстандықтар бей-жай қарамайтын шығар. Оның көптеген ғылыми жарияланымдарында көшпенділердің қоғамдық-экономикалық және шаруашылық өмірінің көптеген маңызды аспектілері, олардың ғасырлық армандары, мұқтаждықтары, жасампаздыққа ұмтылысы, шексіз дала кеңістігіне деген махаббаты, біздің дана және ұлы ата-бабаларымыздың ізгі ниеті мен пәктігі лайықты көрініс тапты. А.Е. Алекторов өзінің саналы ғұмырын қазақ халқының тарихын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге арнады. А.Е. Алекторов 400-ден астам ғылыми еңбектер әзірлеп, баспадан жарыққа шығарған. Оның жарияланымдары бүгінгі күнге дейін ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ.