Бұл мақала музеймен таныстырушы адамның қоғамда алатын орнына туризм саласын дамытуға қосқан үлесі жайлы, музейдегі бағыт бағдар берушінің (экскурсовод) қызметі, экскурсиялық қызметте қабілеттер қалай өзгеретіндігі жайлы жазылған. Экскурсиялық қызметке жеке тұлғаның белгілі бір түріне, оның ерекше қызығушылықтарына, бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес келуі тиіс екендігі және қабілеттер белгілі бір қызмет түрін табысты жүзеге асырудың субъективті шарттары болып табылатын жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері ретінде анықталатыны туралы жазылған. Экскурсия кезіндегі сөйлеу мәдениеті, экскурсоводтың лауазымдық міндеттері, экскурсовод білуі тиіс қызметтер мен жүктелетін міндеттер, экскурсоводтың мотивациялық-құндылық компоненті, экскурсоводтың жеке экскурсиялық әдістемесін меңгеруі жайлы, экскурсоводтың кәсіби шеберлігін жетілдіру, экскурсовод портфелі жайлы, жоғары біліктілік санатындағы экскурсовод-әдіскер, жоғары білімді, 1-ші, 2-ші, 3-ші санаттағы экскурсовод жайлы мәліметтер жазылған. Экскурсовод оқыту мен тәрбиелеудің орталық тұлғасы бола отырып, экскурсиялық таным процесін басқарады. Экскурсоводтың педагог ретіндегі тұлғасы оның сенімімен, тәрбиелеу мен білім беру жолсерігінің кәсіби шеберлігімен сипатталады. Экскурсоводтың жетекшілігімен топ тарих және табиғат ескерткіштерімен, көрнекті тұлғалармен, мұражайлармен, басқа да көрікті жерлермен танысады.
ЭКСКУРСОВОД МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЗАМАНҒА САЙ ДАМУЫ
Жарияланған May 2021
96
279
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Баудиярова, Қ. і Мейрманова, Г. 2021. ЭКСКУРСОВОД МАМАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЗАМАНҒА САЙ ДАМУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).