ХІХ ғасырдың екінші жартысында кайзерлік Германия Еуропадағы қуатты мемлекеттердің біріне айнала бастады. Оның басты мысалдары герман экономикасы қарыштап дамыды, саяси-әскери күш-қуаты күн санап артты. Герман билігі сырт елдермен тығыз қарым-қатынастар орнатты. Германияның сыртқы саясатында ұстанған басты бағыттарының бірі – Осман империясына қарай бағытталды. Сәйкесінше, Осман империясы да Кайзерлік Германиямен байланыс орнатуға бейім болып, империялар арасында саяси байланыстар жоғары деңгейге көтерілді. Екі мемлекеттің байланыстары уақыт санап артып, ол әскери салада да жалғасты. Бұл кезеңде Осман империясында барлық салаларда модернизация процесі жүріп ендігі кезекте ол германдық үлгіде жаңара бастады. Мақалада, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңде әскери саладағы байланыстар тарихы қарастырылады. Осман армиясының германдық үлгіде модернизациялануы мен жаңа тәртіптің енгізілу тарихы зерттеледі. Түрік армиясын модернизациялау жұмыстары бойынша Осман империясында болған неміс генералдарының қызметіне тарихи талдау жасалады.
ТҮРІК АРМИЯСЫНА ГЕРМАНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ МОДЕРНИЗАЦИЯ (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.).
Жарияланған April 2023
117
111
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Осман империясы, Германия, Әскер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Акынова, А. 2023. ТҮРІК АРМИЯСЫНА ГЕРМАНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕНГІЗІЛУІ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ МОДЕРНИЗАЦИЯ (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 75, 3 (Квіт 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5461.2023.1.76.006.