Мақалада Қазақстанның қола дәуірі тұрғындарының егіншілік шаруашылығының даму заңдылығы мен ерекшеліктері қарастырылады. Егіншілік көптеген ежелгі қауымдастықтың экономикасының маңызды компоненты болып табылады. Оны зерттемесе сол уақыттағы адамдар қауымдастығының ерте кезеңдерінің тарихын қалпына келтіру мүмкін емес. Өңдірістік шаруашылыққа көшу және дамуы әлемнің әр түрлі аймақтарында әр түрлі уақытта және әр түрлі жолдармен жүрді, шапшандықпен дамуына физико-географиялық және мәдени-тарихи сипаттағы себептерге байланысты болды. Демек, бұл үдерістің мазмұны экономикалық революцияның маңызды мазмұны ретінде барлық жерде бірдей болған. Әр түрлі аудандарда егіншіліктің таралуынан, дамуынан және тіршілік етуінен туындайтын ерекшеліктерді ашып көрсету, ортақ белгілерді орнатумен қатар, археология ғылымының маңызды міндеті болып табылады
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темирбекова, М. 2021. ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ЕГІНШІЛІК КЕШЕНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).