Андатпа
Мақалада Кеңестік ұжымдастыру дәуірінің асыра сілтеу саясатының факторлары Оңтүстік өңірдегі Сайрам ауданы халықтарының арасында да толқуларға алып келгені баяндалады. Осы толқуларға түрткі болған кеңестік бюрократиялық жұмыс стилі мен қарапайым мақта терімшілердің еңбегінен алынатын алым-салықтардың дұрыс салынбауы сынды әрекеттер мақаланың өзекті мәселесі болып табылады. Архивтік мәліметтерді талдау негізінде жазылған мақалада ,сол дәуірдің репрессивті жазалау шараларына басымдық берілілген қол таңбасы құжаттардың мәтінінен де көзге ұрып тұрады. Осынау өлкенің еңбекшілерін ұжымдық шаруашылық негізінде теңгермешілікке итермелеген саясат, көптеген меншік иелерін өз еңбек өнімін жасыруға дейін алып келгені де сол заманның ащы шындығы. Советтік өкіметтің ірілі-ұсақты қателіктерінен жиналған халықтың ашу-ызасын күштеп жаншу үшін Сталиндік репрессия шаралары басталған.