Бұл мақалада, жүзеге асырылған ғылыми жобалар бойынша жиналған есептерді талдау негізінде, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы бойынша зерттеулердің негізгі бағыттары қарастырылады. Жүзеге асырылған ғылыми жобалар заманауи тарих ғылымын, түрлі мұрағат
қорларының материалдарын зерделеу негізінде жаңа біліммен толықтырды, ғылыми-зерттеу жұмысының инновациялық құралдарын анықтады. Олар елдің тәуелсіздік жылдарындағы дамуының әртүрлі бағыттарын көрсетеді, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық процестердің мазмұны мен мәнін ашуға ықпал етеді. Қазіргі қоғам әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік процестердің динамикасымен сипатталады, бұл ретте оларды жан-жақты тану мен түсіну, жаңа тенденциялар мен бағыттарды зерттеу талап етіледі. Олар тарихшылар-дың, саясаттанушылардың, экономистердің белсенді ғылыми талдауының объектісі болып табылады. Қоғамның әлеуметтік қауіпсіздігі жаңғыру үдерістерінің белсенді дамуымен байланысты. Елдің жаһан-дық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, экономикалық өсудің жаңа моделі керек болып тұр. Әлеуметтік интеграция және этносаралық топтасу – көпэтносты мемлекеттің тұрақтылығы мен мығым-дығының, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуінің елеулі факторларының бірі болып табылады. Қазақстан тарихын зерделеу, қоғам өмірінің бір-бірімен тығыз байланысты барлық салаларын жүйелі және тереңдетілген зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігін анықтайды. Пәнаралық байланыстар мен тарихи информатика әдістері жүйелі түрде дамуға түсті. Ғылыми жобалардың нәтижелері жаңа теориялық-әдіснамалық тәсілдерді әзірлеуге және ұлттық тарихты зерттеудің деректанулық базасын кеңейтуге бағытталған.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР
Жарияланған September 2022
118
82
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
М.Ш, К. 2022. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2121.2022.57.28.013.