Мақалада кеңестік билік кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірі мен отандық гуманитарлық ғылымның дамуында қайраткерлігімен танылған академик С.Бәйішевтің биографиясы деректік негізде талданады. Институттың аға ғылыми қызметкерлігінен Ғылым академиясының вице-президентіне дейін, қатардағы саяси қызметкерден Жоғарғы Кеңестің төрағасына дейінгі қызмет баспалдақтарынан өткен тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығы коммунистік партияның қызыметімен тығыз байланыста өрбіді. Коммунистік идеологиядан бас тартқан қазіргі қоғамды бұл жағдай оның тұлғасына ғана емес, онымен қатар биліктің жоғары эшелонында қызмет істеген партиялық кадрларға деген жатырқаушылық көзқарасқа негіз болуда. Осы мәселе бойынша жасалған талдаулар жеке тұлғалардың биографиясындағы түсініксіз болып келген түйіндер барынша объективті қарастыру арқылы шешімін табатындығына көз жеткізді. Мәселеге айқындық беру мақсатында зерттеуде кеңестік тоталитарлық биліктің басты атрибуттарының біріне айналған партиялық-мемлекеттік номенклатура жүйесінің теориясы мен тәжірибесіне талдау жасалады. Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің куәгері болған тұлғаның моральдық-психологиялық тұрпатына баға беріледі. Тоталитарлық қоғамның саяси-идеологиялық ұстанымдары мен партиялық билік жағдайындағы қазақ зиялыларының тағдыры жайлы қорытындылар айтылады. Тарихи зерттеулердегі биографиялық тәсілдің әдістерімен қайраткердің шығармашылығы мен қоғамдық-саяси қызметі туралы тұжырымдар жасалады
АКАДЕМИК С.БӘЙІШЕВТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДЕ БИОГРАФИЯЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ
Жарияланған September 2022
93
171
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Сақтаған Бәйішев, биографиялық тәсіл, партиялық-мемлекеттік номенклатура, отандық тарих ғылымының қалыптасуы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Б, М. 2022. АКАДЕМИК С.БӘЙІШЕВТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДЕ БИОГРАФИЯЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/9512.2022.69.15.028.